Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кесті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 197-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың қорытындысына сәйкес шығын 4,3 млн теңгені құрады.
Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Тәркіленген 23 тонна дизель отыны мемлекет кірісіне алынды.