Қостанайда 25 тонна шөп тиелген екі жүк көлігі жанып кетті

ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Құтқарушылар осы түні фураларды шарпыған тілсіз жаумен арпалысты.

Фото: видеодан скрин

Бүгін түнде Қостанай облысы Әулиекөл ауданының тасжолында 25 тонна шөп тиелген тіркемелері бар екі жүк көлігін от шалды. 

ТЖМ күш-құралдары өртті толықтай сөндірді. Жалын шарпыған аумақ — 60 шаршы метр.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

«Жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз» деп ескертеді ведомстводан.