Уланғандардың біреуі - 5 айлық нәресте. Оқиға бүгін 07:00 шамасында болған.
«ТЖД кезекші бөліміне Қостанайдағы «Мичуринец» саяжайында 3 адамның тұншықтырғыш газға уланғаны туралы хабарлама түсті. Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған. Салдарынан, 32 жастағы әйел, 12 жастағы бала мен 5 айлық нәресте ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Тұрғындарға орташа дәрежедегі ыстан улану диагнозы қойылды.