Қостанайда 42 көпқабатты үй, мектеп пен әуежай жылудан ажыратылды

Фото: Алина Тулеубаева/ Кazinform

Қостанай облысында магистральды құбырдағы апатқа байланысты 42 көпқабатты үй, мектеп пен әуежай жылудан ажыратылды, деп хабарлайды Кazinform «Қостанай жылу энергетика компаниясы» РМК-ға сілтеме жасап.

«Герасимов көшесі, 4 мекенжайындағы үйдің жанында орналасқан жерасты жылу құбырының жарылу салдарын жою үшін 20 желтоқсан, сағат 12.00 - 20.00 аралығында 42 көпқабатты үй, №29 орта мектеп мен Қостанай Халықаралық әуежайы жылудан ажыратылады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жұмыстарды неғұрлым тезірек аяқтауға бар күш-жігерді салатын боламыз», - делінген таратылған хабарламада.

Еске салайық, 11 желтоқсан күні де Қостанай жылу желісінде төтенше жағдай орын алған еді.