«Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар алуға бөлінді. Сот үш айыпталушыны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді. Нәтижесінде іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды»,- делінген хабарламада.
15:52, 18 Тамыз 2022
Қостанайда 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.