«23 жастағы бойжеткен құлап кеткен. Жедел жәрдемге таңғы сағат 5.15-те қоңырау түсті. Қыз жедел жәрдем көлігі келгенге дейін мерт болған. Қатты жарақат алып, содан көз жұмған»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік бермеді.
Еске салайық, бір апта бұрын ғана осындай жағдай Рудныйда болған еді.
4-қабаттың балконынан 41 жастағы әйел құлаған болатын.