Жол-көлік оқиғасы Абай-Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, Chevrolet жүргізушісі көлік тізгіне ие бола алмай қалып, BMW көлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан қос көлік қарсы бағытта келе жатқан көліктерге соғылған. Барлығы 5 көлікке зақым келген.
Қазіргі уақытта жол апаты болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.