Өлтірілген әйел туралы тәртіп сақшыларына дәрігерлер хабар берген. Оқиға орнына жедел-із кесу тобы жіберілді.
«Пәтерден 50 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша, қала тұрғынын буындырып өлтірген. Тергеу ісі Қостанай прокуратурасының бақылауына алынды», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Осы іс бойынша 45 жастағы күдікті қамалды. Соған байланысты ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігімен тергеу шаралары басталды.