Қостанайда 500 заңсыз қару тәркіленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанайда жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымда жүрген 500 әртүрлі қару-жарақ тәркілеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары осы уақытқа дейін тұрғындар тұтынған 20 мыңға жуық қаруды тексерген. Соның нәтижесінде, заңбұзушылыққа барған 807 қару иесі әкімшілік жазаға тартылып, 292 адам оны сақтау және тұтыну құқығынан айырылды. "Тәркіленген қарулардың жалпы санынан: 27-сі - иір ойықты мылтық, 435-і - тегіс ұңғылы қару, 46-сы - газды қару, 1-і - травматикалық, 31-і - электрлі", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жедел алдын алу шаралары мен акциялар барысында облыс тұрғындары өз еріктерімен 463 қару тапсырған. Оның 143-і тіркеуде болмаған. Қарудың ең көп партиясы 76 жастағы Қостанай қаласының тұрғынынан тәркіленді. Оның үйінен 7 пистолет, 2 ұсақ калибрлі винтовка, 600-ге жуық патрон, Макаров пистолетінің оқшантайы, дыбыс тұншықтырғыш, автомат шүйдесі, оқдәрілі банкілер, пышақтар мен тапанша табылған.