Оқиға Қостанай қаласындағы Алтынсарин көшесінде болған.
«Қоғамдық көліктің жүргізушісі 58 жастағы ер адамды соғып кетті. Жәбірленуші ауыр дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы (көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Полицейлер ауа райы жағдайларына байланысты көлік жүргізушілерді қала ішінде жүргенде барынша абай болуға шақы