Қостанайда 59 жастағы ер адам бесінші қабаттан құлап кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 1959 жылы туған ер адам бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты қалалық аурухананың жарақаттану бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов растады. Оқиға бүгін түс уақытында болған.

«Ауыр дене жарақаттарымен 59 жастағы ер адам түсті. Ол ғимараттың бесінші қабатынан құлап кеткен. Оның жіліншігі мен жамбас сүйегі сынған», - деді Марал Әбілқасымов.