Оқиға Жітіқара ауданында болған. 6 айлық сәби ыстық суға күйіп қалған.
«Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбидің денесі 60 пайызға күйіп қалған. Қазіргі уақытта бала жасанды желдеткіште демалып жатыр. Кешенді емдеу жүргізілуде.