Қостанайда 6 жасар баланы қаққан жүргізуші жазасын жеңілдете алмады
Айта кетейік, биылғы жылдың 8 тамызында Қостанай қаласының № 2 соты сотталушыны ҚР ҚК 345 бабы, 3 бөлімі бойынша (автомобиль басқаруда адам өліміне себепкер болған жолда жүзу ережесін бұзу) кінәлі деп тауып, тиісті үкім шығарған.
4 наурыз күні кешкісін сағат 21-00-дер шамасында «Lada 219410» маркілі көлігімен келе жатқан жүргізуші А. есімді жаяу жүргінші мен оның 6 жасар баласына жаяу жүргіншілер өтетін жолда жол бермей қойған. Соның салдарынан болған жол-көлік оқиғасында бала дене жарақаттарын алып, облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген және осы жерде көз жұмған.
Сот кінәлі А.Ковальчукті 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, жазасын қоныс колониясында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар оған 5 жыл бойына көлік басқарумен байланысты жұмыстармен айналысуға тыйым салды.
Сондай-ақ зардап шеккен тарапқа моральдық шығын ретінде сот 1,5 млн теңге өндіріп берді. Сотта аппеляциялық шағым өзгеріссіз қалды. Сот үкімі күшіне енді.