Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойды
13:24, 11 Желтоқсан 2023
Қостанайда үй опырылып, жеті адам үйінді астында қалып қойған, деп хабарлайды Kazinform тілшісі оқиға орнынан.
Үй газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін қираған.
Облыс әкімі оқиға орнында жүр, арнайы штаб құрылды.
Апаттық құтқару жұмысы жүріп жатыр.