Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға Қостанай-2 шағын ауданындағы Солнечная көшесінің бойында болған. «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін мінген 34 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 7 жасар оқушыны қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде.