Белгілі болғандай, 17 сәуірде бөгде ер адам 7 жасар қыздың соңына түскен. Бұл хабарды Қостанай қалалық ІІБ «Оңтүстік» бөліміне оқушының анасы жеткізді.
«36 жастағы ер адам «Березка» дүкенінің маңында жалғыз кетіп бара жатқан қызды көрген. Ол қызды мектепке дейін жеткізіп тастауды ұсынған», - деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Аталған жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.