Қостанайда 8 мыңға жуық абонент газсыз қалды
14:19, 22 Тамыз 2016
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы газ құбырының ірі апатынан Пәтер иелері кооперативі шағынаудандарына көгілдір отын беру тоқтатылды.
Қостанай әкімдігі орташа қысымды газ құбырына зақым келгенін хабарлады, алайда оқиға себебі жайлы ештеңе айтқан жоқ.
Қаланың 12 көшесі мен үш шағынауданында жалпы саны 7 мың 294 абонент газсыз қалды. Облыс орталығы әкімшілігі газ құбыры маңында тұратын қалалықтарға үйлер мен пәтерлердегі газ құбырын жаба тұруды өтінді.
Қала тұрғындарына ақау жөнделген соң, газ беру біртіндеп жүзеге асырылатыны хабарланды.