Еске салсақ қайғылы оқиға 1 қазан күні болған . 23 жастағы жігітті соғып кеткен «Киа Рио» автокөлігінің рөлінде қалалық ІІБ қызметкері Руслан Таутенов отырған. Ол оқиға орнынан ізін суытып, тек екі күн өткен соң ұсталды.
Сот айыпталушыны 2 ай күзетпен ұстау туралы шешім шығарды. Қостанай прокурорының орынбасары Мұрат Оспановтың айтуынша, Р.Таутенов 4 млн 538 000 теңге кепіл қаражатын төлеген соң босатылуы мүмкін.