Шараға «Отан» тарихы кафедрасының аға оқытушылары Ақмарал Ералина, Бауыржан Нұрсейітов, танымал жазушы Ғалихан Мәулетов, ахметтанушы Ибрагим Ағытаев және басқалар қатысады.
Кеш барысында А.Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы деректі фильм көрсетіледі. Және кітапхана фойесінде А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылады.
Шараға жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары шақырылып отыр.