Қостанайда алғашқы жылы аялдама салынды
14:50, 18 Қазан 2018
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда бірінші рет қыс мезгіліне бейімделген аялдама ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа аялдама «Kostanay Plaza» сауда, ойын-сауық орталығының маңында орналасқан. Басты ерекшелігі - аялдама іші жылытылады. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, аялдама ішінде қыста +18 градус температура сақталады. Әзірге пилоттық режимде бір ғана аялдама іске қосылды.
«Бұл павильон бейнекамералармен жабдықталған. Нысан іші орталық диспетчерлік пункт арқылы бақыланып отырады. Аялдаманы екі пеш жылтады», - деді қалалық ТКШ бөлмінің басшысы Алексей Тарасов.
Аялдама автоматты түрде таңғы сағат 6:30-да ашылып, түнгі 23:15-те жабылады.
Алексей Тарасов айтқандай, жоба құны - 4,5 млн теңге. Қаржыны облыс орталығындағы шаруа қожалығы бөлген.