«Дәрігерлерге өте ризамын. 5 бала туғаныма қарамастан, бұл жүктілік ерекше болды. Маған бүкіл жүктілік кезеңінде қолдау көрсетілді. Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлерінің адалдығы мен адамгершілігі мәңгі есімде қалады. Дәрігерлер, мейіргерлер мен санитарлар сіздерге басымды иемін. Сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңыз баға жетпес», - деп жылы лебізін білдірді үшемнің анасы Ақшагүл Әбдірахманова.
Соңғы 6 жылдың ішінде бұл – Қостанайдағы алғашқы үшем, қала өміріндегі сирек кездесетін қуанышты оқиға.
Осындай отбасының толығуы құрметіне қала әкімі отбасы мен жаңа туған нәрестелерге облыс орталығындағы жаңа пәтердің кілтін табыс етті.