Қостанайда «Алтын микрофон» атты халықаралық балалар ән байқауы ашылды

ҚОСТАНАЙ. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қаласында «Алтын микрофон» атты халықаралық балалар ән байқауы ашылды.

Биылғы жылы байқау өзінің онжылдық мерейтойын атап өтуде. Жас қатысушылардың өнерін құрамына Қазақстаннң, алыс және таяу шетелдің кәсіби шеберлері кірген қазылар алқасы бағалады. Оған ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев төрағалық етуде.

Фестиваль үш күн жалғасады. Концерттер облыстық филармонияның сахнасында өтіп жатыр. «Алтын микрофон» 15 сәуірде гала концертпен  аяқталады. Оның барысында марапаттау рәсімі және үздік атанған қатысушылардың өнер көрсетуі болады.