Оқиға Қостанай қаласының Маяковский көшесінде болды. 41 жастағы әйел жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан.
«42 жастағы автобус жүргізушісі әйелді басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші дене жарақаттарымен емханаға түсті. Амбулаториялық емдеу шаралары белгіленді. Жүргізуші мас күйінде болмаған», - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.
Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 2-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс жүргізу шешімі сот-медициналық сараптама нәтижесінен кейін қабылданады.