Қостанайда әйел адам скутерден құлап көз жұмды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда жол-көлік оқиғасы салдарынан 1988 жылы туған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Оқиға «Қостанай-Рудный» тасжолында болған.

«Скутер мінген 33 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны рөлге ие бола алмай, бордюрге соғылды. Салдарынан скутерде отырған 30 жастағы жолаушы әйел тасжолға құлаған. Алған соққы салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Скутер жүргізушісі ауыр дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы («Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды.