«Жол-көлік оқиғасы 12 қыркүйекте шамамен сағат 18-де Маяковский және Быковский көшелерінің қиылысында орын алды, - делінген хабарламада. - Баланы қағып кеткен «Лада Гранта» маркалы автомобильді әйел адам басқарды. 2006 жылы туған қыз жаяу жүргіншілер жолағы арқылы жолдан өткен. Жапа шегуші Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Онда бүлдіршіннің іші жарақаттанғаны белгілі болды».
Автомобиль жүргізушісі медициналық куәландырудан өтті. Нәтижесінде оның ағзасынан алкоголь табылмады.
Жапа шеккен оқушы тиісті медициналық көмек алды, қыздың жағдайы тұрақты, оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.