16:07, 03 Сәуір 2009
Қостанайда аймақтық кеңесте сатып алуларда қазақстандық тауарлар үлесін арттыру мәселелері талқыланды
ҚОСТАНАЙ. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін Қостанайға жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Ахметов келіп, отандық өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша үлкен аймақтық кеңес өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Вице-премьер өнімдері Қазақстанда үлкен сұраныс туғызып, өткізілетін бірқатар өндірістік нысандарда болды. С.Ахметов елдің дағдарысқа қарсы бағдарламасы ауқымында қазақстандық тауарлар үлесін дамыту жөнінде кешенді шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Отандық өндірушілерде қаржы мен айналым қаражаттарында проблемалар болмауы үшін олардың әлеуетін барынша пайдалану қажет», - деді вице-премьер.Кеңес жұмысына ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, басқа да министрліктер мен ведомстволардың, «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының делегациялары қатысты. Олар қазақстандық тауарлар үлесін арттыру идеясын жүзеге асыру мәселелері жайында өз пікірлерін ортаға салды. С.Ахметовтің айтуынша, мемлекет бұл мақсатқа жүздеген миллиард теңге бөліп отыр, бұл қаржы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және инфрақұрылым, шағын және орта бизнес және кәсіпкерлік салаларына бағытталады. «Үкімет қазақстандық өндірушілерді қолдау үшін нормативтік базаны барынша пысықтайды және заңнамаларға өзгерістер енгізеді», - деді С.Ахметов. ? Олар да қол қусырып қарап отырмаулары тиіс. Жаңа өндірістер ашып, сапалы, бәсекеге қабілетті өнімдер шығарулары тиіс. Егер олар шетелдік өнімдерден төмен болатын болса, біз оларды ешқандай күшпен сатып алуға мәжбүрлей алмаймыз».