Қостанайда бағаны қымбаттатпау үшін көкөніс қоймалары салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023-2024 жылдары Қостанай облысында көкөніс сақтайтын үш қойма салынады. Бұл туралы аймақ әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім атап өткендей, бүгінде Қостанай облысы шамамен 182 мың тонна картоп, 15 мың тонна сәбіз, 15 мың тонна қырыққабат, 3,4 мың тонна пияз өндіріледі.

«Біз картопты жеткілікті мөлшерде өсіреміз, өзімізді және басқа аймақтарды осы өніммен қамтамасыз етеміз. Бірақ оны қысқы уақытқа сақтай алмай отырмыз. Жалпы сақтау сыйымдылығы 82 мың тонна болатын 62 көкөніс қоймасының тек үшеуінде 6 мың тонна өнімді келесі егінге дейін сақтайтын тиісті жабдықтар бар», - деді Қ. Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Бұл үшін өңір әкімі жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау мәселесі шешілетінін атап өтті.

«Биыл 6 мың тоннаға картоп қоймасын пайдалануға беру жоспарланған, 2024 жылы әрқайсысы 4 мың тоннадан 2 картоп қоймасын салу жоспарланған. Олардың барлығы заманауи климаттық бақылау жүйелерімен жабдықталатын болады.

Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов елордада айдағы әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде есеп беруде.