Қостанайда бала туу көрсеткіші төмендеген
Ведомство ақпараты бойынша, Қостанай облысы бала туу көрсеткіші төмен өңірлердің қатарына енеді. Мәселен, 2015 жылы 12 729 нәресте дүниеге келсе, 2016 жылы - 12535, 2017 жылы 11 733 сәби туған.
«Ананың перинаталдық кезеңдегі жағдайы туу көрсеткішінің төмен болуының себебі болып отыр. Ал сәби өлімінің үлесі биыл 12,3 пайызды құрады. Былтыр 0-5 жас аралығындағы 144 бала көз жұмды. Оның ішінде өмірден өткен 124 баланың жасы 1-ге толмаған. Бала өлімінің көрсеткіші Арқалық қаласы, Таран және Әулиекөл аудандарында жоғары. Осылайша, өткен жылы облыс тұрғындарының саны 6,7 пайызға кеміген», - деді Екатерина Слабоденюк.
Жалпы, өңірде 877 мың адам тұрады. Қалаларда - 471 мың, ал ауылдарда 406,3 мың адам тіркелген. Мамандардың айтуынша, бала туу көрсеткішінің азаюы ерлі-зайыптылардың ажырасуына тікелей байланысты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша, Меңдіқара ауданында әрбір екінші неке бұзылған. Бұған қоса Алтынсарин, Федоров, Қостанай аудандарында да ажырасу фактілері жиілеген.