Оқиға Қостанай ауданында болған. Ер адам аулада ойнап жүрген балаларға балмұздақ, тәттілер алып беретінін айтқан. Алайда, балалар бұл ұсынысты құптамаған соң ол кетіп қалған. Мұнан соң 48 жастағы аудан тұрғыны полицейлерге хабар берген.
«Ата-аналар күдіктіні өздері іздеп бастаған. Қазір бұл іске учаскелік, инспекторлар мен жол-патрульдік полициясының қызметкерлері араласты. Тәртіп сақшылары мектептерде де профилактикалық жұмыстар жүргізуде»,-деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.