Облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, өрт бүгін сағат 08:15 шамасында шыққан.
«Пәтерлердің біріндегі балконнан өрт шықты. 32 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында бала болмады. Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 31 қызметкері мен 8 арнайы техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 09:13-те өрт толығымен сөндірілді. Қазір мамандар оның неден шыққанын анықтап жатыр.