Қостанайда балық аулауға шыққан ер адам суға батып кетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше кешкі сағат алтылар шамасында Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Лесной ауылындағы Мохавое көлінен суға батып кеткен ер адамның денесі табылған.

Белгілі болғандай, ол күндізгі сағат 11-лерде көлге балық аулауға шыққан 1949 жылы туған В.Квасов деген азамат болып шықты. Оның денесін іздеу және судан шығару жұмыстарына ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.