Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 12 қараша күні Ресей Федерациясының шекарасынан өтіп кеткен.
«Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының, 4-бөлігінде көзделген (Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның банк кассасынан 87 млн теңгені ұрлап кеткені анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шаралары басталды.