Оқиға Лисаков қаласында болған.
«25 жастағы банк қызметкері клиенттердің құжаттарының көшірмесін жасаған. Содан соң осы құжаттар арқылы шағын несие алып отырған. Ақшаны жеке мақсаттарына жұмсады», -делінген полицейлер таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта полицияға банк қызметкерінің «құрбаны» болған 4 жәбірленуші арыз жазды. Күдікті Лисаков тұрғындарына жалпы сомасы 500 мың теңге залал келтірген.
Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.