«Нысан құрылысы қаланы электр қуатымен жабдықтауда сенімділікті арттырып, ірі қосалқы стансаларға түсетін салмақты жеңілдетеді және резерв жасалады», - деп жазды Архимед Мұхамбетов Instagram желісінде.
Құрылыс барысымен танысқан аймақ басшы
«Энергия жүйесінің сенімділігін және қаланы электрмен жабдықтаудың артып келе жатқан жүктемесін қамтамасыз ету үшін «Батыс» 220/110/10 кВ қосалқы стансасының құрылысы» басталды. Жоба бойынша әрқайсысының қуаты 250 МВА (МегаВольт Ампер) болатын, 220/110/10 кВ қуатты қос автотрансформаторы бар 220/110/10 кВ трансформаторлық қосалқы стансасының құрылысы қарастырылған», - деп толықтырады облыс әкімі.
Айтуынша, құрылыс жұмыстары мерзіміне сай жүргізіліп жатыр.