Қаладағы көптеген жанармай бекеттерінде 30 қыркүйек күні кешке қарай баға көтеріле бастаған. Жүргізуші Розаима Канның айтуынша, ол күндегі әдетпен жанармай құю үшін бекетке 19.00-де келгенде бағаларды көріп таңғалған. «Жұма күні 152 теңгеден құйған едім, ал кеше бірден 155 теңге. Баға өсіп жатыр... Мұның себебі неде екенін түсінсем бұйырмасын», - дейді ол.
Еске сала кетсек, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қыркүйекте қымбаттай түскен.