Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға бүгін КСК шағын ауданында, Қобыланды батыр көшесінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көліктер қатты жылдамдықпен жарысып келе жатқан.
«Mercedes маркалы №13 маршруттық автобусының 61 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, Volvo маркалы автобуспен соқтығысты. Полиция қызметкерлері іс жүргізу шешімін қабылдау үшін әкімшілік материал жинады. Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ», - дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.