Қостанайда бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарын талқылады

None
КОСТАНАЙ. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайдағы «Даму» қоры АҚ «Цесна Банк» АҚ бөлімшесі ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысына қатысты. Аталмыш отырыста «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстелдің отырысына Қостанайдағы «Даму» қоры бөлімшесінің қызметкерлері, Қостанай облысы әкімшілігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «Цесна Банк» АҚ банкінің қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік қолдау құралдарын (субсидия, кепілдемелер, сервистік қолдау, ақпаратты-консалтингтік қолдау, оқыту), субьектілердің жеке кәсіпкерлік инвестициялық мүмкіндіктерін, шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің жұмысындағы туындайтын мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қызыққан кәсіпкерлер «Даму» қоры қызметкерлерінен кеңес алды.