Қостанайда білім беру бөлімінің басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды

АСТАНА.KAZINFORM — Қала мектептеріне бөлінген қаражаттың жымқырылуына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Фото: gov.kz

Қостанай облысы бойынша ҰҚКД хабарлауынша, Қостанай қаласы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу дерегінше, қазына ақшасын бір топ адам үптеген.

1 маусым күні тергеу аясында бірқатар тергеу іс-шарасы атқарылды. Лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізілді.

Дәл осы күні ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты істеді деген күдікпен Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталды.

Ведомствоның мәлімдеуінше, тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте колледж басшылары мен бухгалтерлер 1,3 млрд бюджет қаражатын жымқырғанын жазғанбыз