Қостанайда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
ҚОСТАНАЙ. KAZINFORM — Қостанай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Тергеу мәліметтері бойынша күдіктілер алдын ала келісім бойынша әрекет еткен.
— Олар қорқыту арқылы жәбірленушіден ақша талап еткен. Қылмыс ұйымдасқан сипатқа ие болғандықтан, бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау) бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және басқа да эпизодтарды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарлмада.
Құқық қорғау органдары азаматтарды қылмыстық әрекеттерге бейжай қарамауға және мұндай фактілер туралы дереу хабарлауға шақырады.
Еске сала кетейік, алты адамды алдап, ірі залал келтірген қазақстандық күдікті Дубайда ұсталғанын жазған едік.