Қостанайда Ботай мәдениетінің мұрасы таныстырылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қостанай қаласының 147 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар аясында «Ботай – Ұлы Дала мәдениеті» атты көшпелі көрме өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Экспозицияға тастан, сүйектен және қыштан жасалған 139 археологиялық жәдігер қойылды. Сондай-ақ келушілер назарына тақырыптық көркем туындылар мен ежелгі қоныстың макеті ұсынылды.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрме қонақтары энеолит дәуіріндегі тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен, қолөнерімен және мәдениетімен танысып, жылқыны қолға үйрету тарихы туралы мол мағлұмат алды.

Археологиялық материалдар Ботай мәдениетінің Ұлы Дала тарихындағы орны мен маңызын тереңірек танытуға мүмкіндік берді. Көрмені ежелгі мәдениеттерді зерттеп жүрген шетелдік мамандар да тамашалады.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бағдарлама аясында Қазақстан тарихы мен археологиялық мұрасына арналған шеберлік сабақтары, танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осыған дейін СҚО-да Ботай мәдениетіне арналған көркем фильм түсіріліп жатқаны туралы жаздық.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі