Оқиға 5 қыркүйек күні сағат 6-да болған. Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен үлкен көпірден секірген. Жедел жәрдем қызметкерлері оны Қостанай қаласы ауруханасына жеткізді. Ол бірден жан сақтау бөліміне ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір қыздың халі жақсы. Онымен психолог жұмыс істеуде.
Аталған жағдайға байланысты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сұраным жіберілді.