Оқиға 11 қазан күні болған. Облыстық ТЖД кезекші бөліміне сағат 19.02 кезінде хабарлама келіп түседі. Арнайы өрт сөндіру бөлімінің 6 өрт сөндірушісі мен 2 техникасы жұмылдырылды.
«Бос тұрған бұрынғы шұға-жүн иіру зауытындағы құрылыс материалдарының қалдығы тұтанған. Өрт аумағы 150 шаршы метрді құрайды. Ғимарат жанындағы 3 қабатты жатақханадағы 210 адам құтқарылды. Оның 40-ы - балалар», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сол мезетте өрт орын алған жерге полицейлер де келіп жеткен. Қызыл жалын 21.04-те ауыздықталды.