Дәретханадан табылған сәбидің жағдайы туралы агенттік тілшісіне Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий айтты.
«Жақында біз нәрестені ауруханадан шығарамыз. Қазір жағдайы жақсы. Тиісті ем-дом шаралары жүргізілді. Анасы баладан жарты жылға бас тартып, уақытша бас тарту өтінішін жазды. Енді ол сәбиін балалар үйінен алып кетеді. Біз құжаттарды ресімдеуден өткіздік», - деді бас дәрігер.
Еске салсақ, 7 тамыз күні облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 27 жастағы қыз түскен.
Ол нәрестесін ауруханада қалдырып кеткен.
Кейін аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілді.
17:51, 10 Қыркүйек 2018
Қостанайда дәретхана шелегінен табылған нәресте балалар үйіне тапсырылады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында дәретхана шелегінен табылған нәресте әзірге анасына қайтарылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.