«Облыста денсаулық сақтауды қаржыландыру 22%-ке өсіп, 105,2 млрд теңгені құрады. Мәселен, 40 денсаулық сақтау объектісін жөндеу жұмыстарына және материалдық-техникалық жарақтандыруға шамамен 10 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде медициналық жабдықтармен жасақтау 56%-тен 86%-ке дейін өседі», - деді өңір әкімі Қ. Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Әкімнің айтуынша, алдағы үш жылда облыста 27 денсаулық сақтау нысаны салынады, оның жетеуі биыл салынды.
«2023-2024 жылдары жыл сайын кемінде 100 дәрігерді тарту жоспарлануда. Келген мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін пәтер мен үй сатып алуға немесе салуға 2,1 млрд теңге қарастырылған. Биыл дәрігерлер үшін облыстық бюджет есебінен көтерме жәрдемақы ұлғайтылды: қалада – 3,5 млн теңге, ауылдық жерлерде – 5 млн теңге», - деп түсіндірді спикер.