Қостанайда Денисов ауданының әкімі тұтқындалды

None
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Бүгін белгілі болғандай, қыркүйектің 12-сінде сот Қостанай облысының Денисов ауданының әкімі Александр Кушнирді тұтқындау туралы санкция берді.

Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес облыстық депатаментінің баспасөз қызметінен хабалағандай, А.Кушнир қыркүйектің 9-ында билікті асырған және қызметтік лауазымын асыра пайдаланған деген күдікпен тұтқындалған екен.

«Әкімге қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізілуде, тергеу құпиялылығын сақтау мақсатында өзге ақпарат әзірше берілмейді», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.