Наурызым аудандық сотында «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, Қараменді ауылында сағат түнгі 02:00-лер шамасында екі жас жігіт бөгденің ауласына кіріп, құны 10 мың теңге тұратын итті ұрлап кеткен. Олар итті өлтіріп, оны жеп қоймақ болған. Алайда, ұрылардың бұл әрекетіне тосқауыл қойылды.
«Күдіктілер жәбірленушіге айтарлықтай шығын келтірді. Ұрлық жасаған екі тұрғын өз кінәларын мойындап, өкінетіндерін жеткізді. Негізгі сот отырысында жәбірленуші сотқа медиация келісімі бойынша жасалған құжатты көрсетті. Күдіктілер иттің иесінен ресми кешірім сұрады», - делінген облыстық соттың хабарламасында.