Қостанайда екінші мұз сарайы неге салынды – Архимед Мұхамбетов жауабы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс орталығына екінші мұз сарайының не үшін салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Үкіметтіңкеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайда 4,5 млрдтеңгеге мұз сарайы салынатынын, одан бөлек жақында жөндеуден өткен тағы бір мұзсарайы барын айтты.

«Облыста ауылдардысумен қамту мәселесі күйіп тұр, су тазарту құрылғылары апатты жағдайда,мектептерде орын жоқ, моноқалалар мәселесі бар. Архимед Бекжанұлы, бұл қалай?»,- деп сұрады Президент өңір басшысынан.

Қостанай әкімі қолданыстағымұз сарайының тозып кеткенін айтты.

«Ондағы жабдықтар100% ескірген, желдету, электр жүйесі - 90% тозған, Шатырына зақым келген.Барлық құжаттар мен тексеру актісі бар. Сондықтан, қалалық қоғамдық кеңес ескімұз сарайын жекпе-жек сарайына айналдыруды ұйғарды», - деді Архимед Мұхамбетов.

Әкімнің айтуынша,жаңа мұз сарайы тиімді жағдайда салынады және оны күтіп-баптауға қаражат керекемес.

«Шетелдіктер өздеріқызмет көрсетеді», - деп түйіндеді әкім.

Соңғы жаңалықтар