Бұл мәселені шешу үшін қаланың Бас жоспарына енгізілген түзетулер алты жаңа электр қосалқы стансасын салуды, сондай-ақ қолданыстағы энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтиды.
Жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай Қостанайда төрт қосалқы станса салынады: «Оңтүстік» (220 кВ), «Барыс» (110 кВ), «Орталық» (110 кВ) және «Шығыс» (110 кВ).
2040 жылға қарай тағы екі қосалқы станса — «Құрғақ порт» және «Узкоколейная» (әрқайсысы 110 кВ) құрылысы жоспарланып отыр. Олар қаланың солтүстік бөлігіндегі жаңа өндірістік және логистикалық аймақтарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Әрбір қосалқы станса Қостанайдың нақты аудандарына қызмет көрсетеді.
Атап айтқанда, «Оңтүстік» қосалқы стансасы қаланың оңтүстік бөлігін және Қонай ауданын электр қуатымен қамтамасыз етеді. «Барыс» Қостанайдың оңтүстік-батыс бөлігіне, «Орталық» орталық аудандарға, ал «Шығыс» Тобыл өзені бойындағы аумаққа қызмет көрсетеді.
«Құрғақ порт» және «Узкоколейная» қосалқы стансалары қаланың солтүстігіндегі болашақ өнеркәсіптік және логистикалық нысандарға арналған.
Қазіргі уақытта «Құрғақ порт» және «Шығыс» стансаларының орындары анықталған. Қалған нысандардың орналасуы, сондай-ақ болашақ электр желілерінің бағыттары алдағы уақытта егжей-тегжейлі жоспарлау кезінде нақтыланады.
Жаңа қосалқы стансаларды салу және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту тұрғын үй аудандарын дамытуға, әлеуметтік нысандар салуға және жаңа өнеркәсіптерді ашуға қажетті электр қуатын береді.
Алатау қаласының энергетикалық және инженерлік инфрақұрылымы туралы мына жерден оқыңыз.