Қостанайда ер адам суға батып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 32 жастағы ер адам қолдан жасалған тоғанға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінде мәлім еткендей, оқиға Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылында болған. «Нечаев тоғаны» деп аталатын жасанды су тоғанынан 1987 жылы туған ер адамның денесі шығарылды. Құтқарушылардың мәліметінше, ол суға шомылып жүрген уақытта батып кеткен.

Осы факт бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.