Еске салсақ, қайғылы оқиға 15 қаңтарда Меңдіқара ауданында болған.
ТЖД баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, аудан орталығындағы жеке тұрғын үй толығымен жанып кеткен.
«Алдымен, үйдің кіреберісі мен шатыры тұтанған. Зертхана мамандарының алдын ала жасаған болжамдары бойынша, өрт жылытатын пешті дұрыс қолданбаудан шыққан», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын сағат 22.18-де ауыздықталған.